Атырау соты жүкті әйелін перзентханаға жеткізу үшін ереже бұзған жүргізушіні ақтап шықты
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жолдағы екі жолақты кесіп өткен жүргізушіні ақтап шықты.
Ер адам егіз сәбиге жүкті әйелін перзентханаға жеткізу үшін асығып бара жатқандықтан тыйым салынған жерден жолды кесіп өткен. Жүргізушіні тоқтатқан полицей оны босатып, кейіннен протокол толтырған. Жүргізушіге куәлігінен айырылу қаупі төнді, деп хабаралйды ATPress.kz.
Сот төрешісі Ботагөз Хасенованың айтуынша, полицейдің суретінде жүргізушінің екі жолақты кесіп өткені анық түсірілмеген. Әрі жүргізушінің сол сәттегі психологиялық көңіл-күйін ескере отырып сот жүргізушіні ақтап шықты. Қажеттілік үшін ереже бұзғандықтан әкімшілік іс тоқтатылып, жүргізуші жазадан босатылды.
Жүргізуші Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов пен өзін ақтаған сот төрешісіне алғыс хат жолдады.
Айта кетейік, 2017 жылдың 3 шілдесінде заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, тыйым салынған жерден қарсы бағытқа өтсе немесе кері бұрылса жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылады.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыда 3 жасар бала дүкендегі үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойды
Алматыда кондуктор «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырып, бет-аузын көгертті