Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында жол апатынан төрт ересек адам мен бір сәби қаза тапты

Бейнеу-Атырау тас жолындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды, оның ішінде екі жасар сәби де бар.

227273

Тас жолда Toyota Camry және “КамАЗ” автокөліктері соқтығысқан, деп жазады өңірлік “Лада” басылымы.

Маңғыстау облыстық ауруханасының санавиация бөлімінің диспетчерлік қызметіне 3 сәуір күні келіп түскен. Toyota Camry автокөлігінде үш ер адам, бір әйел адам және үш бала болған.

“Оқиға орнында ер адам, әйел және 2014 жылы туған сәби қаза тапты, 2005 және 2006 жылдары туған екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Отбасы Атырау қаласында тұрады екен. Бейнеу және Ақтөбенің 1982, 1987 жылдары туған екі тұрғыны оқиға орнында көз жұмды”, — деп хабарлайды диспетчерлік қызмет.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда зейнеткер бірге тұратын әйелін өлтіріп екі тәулік мәйіттің қасында отырған

Ақтөбелік жеткіншек әкесін өлтіріп жатқанда видеоға түсіріп алған

Шахандағы көпқабатты үйдің жарылысына кінәлі делінген от жағушының өлі денесі табылды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Сәуір, 2017 13:49
Талқылау