Атырау облысында жасөспірімдер суға жүзе алмайтын достарының өмірін құтқарып қалды
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында алты жоғары сынып оқушылары Бақсай каналына суға шомылуға барған. Алтауының ішінде Нұрсәт есімді бала ғана жүзу білмейді екен. Бірақ, ол жүзе алмайтынын құрдастарынан жасырған.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Бесеуі каналға бірден түсіп кетеді де, Нұрсәт жағалауда біраз жүріп барып суға түседі. Кенет қатты ағыс Нұрсәтті ағызып ала жөнелген.
Достарына бірден назар аударған бесеуі судың астын кезіп, Нұрсәтті іздей бастайды. Оны тапқан Бегалы есімді жігіт Шыңғыс, Азамат, Наурызбек, Ерік деген қасындағы достарының көмегімен Нұрсәтті жағаға алып шығады. Сол кезде Нұрсәттің бойынан ешқандай тіршілік белгісі байқалмаған. Сосын достары жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыру әдісін қолданады.
“Біраз уақыттан соң Нұрсәт құсып, тыныс ала бастады. Осы кезде оның ата-анасы мен дәрігерлер де келді. Оны жедел жәрдем арқылы аудандық ауруханаға жеткізді. Тек бір тәуліктен соң ғана өз-өзіне келіп, сөйлей бастады”, – дейді Бегалы Төлеу.
Ауылдастары Нұрсәтті құтқарып қалған балалардың ісін нағыз ерлік деп бағалап жатыр. Қазіргі кезде Нұрсәттің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Қостанай облысында қойдың басын үйітпек болған жасөспірім өртеніп кете жаздады
Қазақ пен мазақ: ЭКСПО-да қонақжайлылығымызға дақ түсірген кімдер?
Қытайдан келген оралман жазықсыз сотталған әкесіне көмек сұрап елбасыға үндеу жолдады (видео)
Алматыда қытайларға қызмет көрсететін элиталық жезөкшелер ұсталды (фото, видео)