Атырау облысында сегіз жасар қыз жоғалып кетті
Атырау облысында, Бесікті кентінде таңертең мектеп жанындағы лагерге кеткен кішкентай қыз үйге қайтып оралмаған.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық ішкі істер департаментіне қыздың жоғалып кеткені туралы арыз 14 маусым күні сағат кешкі 22:00-де келіп түскен.
Анасының айтуынша, қыз кешкі 5-те лагерден шыққан. Бірақ, үйіне оралмапты. Құқық қорғаушылар әзірге қыздың лагерге жалғыз немесе ересек адамдармен бірге барғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Қазіргі таңда бүлдіршінді ауыл тұрғындары, полиция және еріктілер іздеп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады
Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады
19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты
Алматылық келіншек кекілін тым қысқартып жіберген шаштаразбен соттаспақ
Талқылау