Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында білім беру басқармасының басшысы ұсталды

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов білім беру басқармасы басшысының ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Атырау облысында білім беру басқармасының басшысы ұсталды

Жиналыс барысында Серік Шәпкенов қазіргі таңда білім беру басқармасының бірнеше қызметкерінің, сондай-ақ басқарма басшысының ұсталуы бойынша мәлімет барын айтып өтті.

«Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатқандықтан біз болған жағдайға толыққанды баға бере алмаймыз. Күдіктілердің кәнісін сот анықтайды. Алайда, атқарушы орган тарапынан осы және өзге де мемлекеттік қызметкердің қызметтегі адалдығына күмән туғанының өзі бізді бей-жай қалдырмайды. Себебі, жемқорлықпен күрес – біздің жұмысымыздағы ең басты тапсырма, сондықтан біз осындай жайттар орын алмас үшін бар күшімізді салатын боламыз», – дейді Шәпкенов.

Шапкеновтің айтуынша, жуық арада облыстық әкімдікке қарасты барлық басқармада ішкі аудит жүргізілетін болады.

«Ішкі аудит бөлімінің қызметкерлері барлық басқармаға кіріп, мемлекеттік сатып алу құжаттарындағы және ішкі құжаттардағы заңның сақталуын жіті тексеретін әрі талқылайтын болады. Егер қандайда бір басқарма немесе соған қарасты ұйымдарда тәртіп бұзушылық орын алатын болса, арнайы шаралар қабылданатын болады», – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Бұған дейін «Ақ Жайық» газеті Ұлттық бюро қызметкерлері облыстық білім беру басқармасының басшысы мен орынбасары ұстағанын хабарлаған еді. Басылым мәліметінше, облыстың бас педагогі мен орынбасары пара алды деп күдіктелуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қаңтар, 2019 12:05
Талқылау