AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы каналдарда балықтар не себепті қырылып жатқаны белгілі болды

Атырау облысындағы каналда балықтың неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бұрын Атырау облысының Исатай ауданындағы каналда балық қырылып, 197 келі өлексе жиналған болатын.

Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, алабұға, табан, шортан және мөңке балықтары қырылған Нарын суландыру-суару каналы "АтырауСушар" РМК-нің балансына алынған. Каналдың ұзындығы – 177,8 км, ені – 40 м. Жанбай ауылдық округінен Ақбас учаскесіне дейінгі аралықта каналдан 228 келі балықтың өлексесі жиналып, санитарлық нормаларға сәйкес жойылған.


Ақтаудағы итбалықтардың өлексесіне қатысты министрлік түсініктеме берді


"Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша аммоний азотының, хлоридтердің, темірдің, қалқыма заттардың және құрғақ қалдықтың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШЖК) асып кеткені анықталды. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастамасымен "АтырауСушар" РМК-ға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда", – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда балықтар жаппай қырылып жатқаны туралы жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр