Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда балабақшада көз жұмған баланың өліміне тәрбиеші кінәлі болып шықты

Атырау облысында балабақша тәрбиешісі баспалдақтан құлап кетіп көз жұмған үш жасар баланың өліміне кінәлі деп табылды.

detsad-igrovaya-ploshhadka-1

Бұл туралы ATPress хабарлайды.

Қайғылы оқиға осы жылдың жаз айында Миялы аудан орталығындағы “Балдәурен” балабақшасында болды. Бала мекеме ішіндегі баспалдақтан құлап, басынан алған жарақаттан көз жұмды.

Полицей балабақша тәрбиеленушісіне қатысты ҚР ҚК “балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндетін дұрыс орындамау, абайсызда адам өліміне себепкер болу” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

“Қызылқоға аудандық соты оны кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді”, – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Атырау облыстық прокуратурасының ақпараты бойынша, осы жыл алғаш рет соңғы алты жылда ҚР ҚК 141 бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз:

Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па

Берген садақасы өмірін арашалып қалған

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Талқылау