Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында әйелі күйеуін туған қызына азғындық жасауы мүмкін деп күмәнданады

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы екі қыздың анасының бұрынғы жұбайын азғындық әрекеті үшін күдікті болғандықтан әкелік құқығынан шектеуді сұраған талабы бойынша азаматтық ісін қарады.

4b68672584d1d2b7_x1024_1_0_1_0

Бұл туралы “ҚазАқпарат” Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысында тараптардың ортақ некеден үш және бір жастағы қыз балалары бары анықталды. Қазіргі таңда олардың некелері бұзылған. Жауапкер 2009 жылы жасы кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлау қылмысымен сотты болғаны және 2016 жылы он үш жасар қызға азғындық әрекет жасауына байланысты ішкі істер органында тергеп-тексеру амалдары жүргізілгені анықталды.

Талап қоюшы қыздарының болашағы, денсаулығы және өмірі үшін алаңдайтынын айтты. Ол бұрын жауапкердің қыз баланы зорлағанын білмеген, сондықтан оны қыз балаларымен араластырғысы келмейді. Ал жауапкер талап қоюшы арызында көрсетілген мән-жайды жоққа шығарған жоқ.

Сот шешімімен жауапкер екі кызына қатысты әкелік құқығынан шектелді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Модель қыз көшеде кездескен бөтен 100 еркектің жыныс мүшесін ұстап шықты (видео)

Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін банк картасын қалай пайдалану керек

Қытайлық қыз көз ілеспес жылдамдықпен 1 минутта 19 рет киім ауыстырып үлгерді (видео)

Безбүйрек әке 8 жыл бойы қызын мал қорада байлауда ұстаған (фото, видео)

Талқылау