"Аттың басын жіберіп": Мәдина Сәдуақасова жан сырын ақтарды
Мәдина Сәдуақасова өзгерісті қалап жүргенін айтып, оқырмандарына ағынан жарылды. Жас музыканттармен, режиссерлермен заманауи дүние жасауды ойға алған Мәдина тыңдармандарын шошытып алудан сескенетінін жеткізді.

Фанаттар қандай жағдайда да Мәдинаны қолдайтынын айтып, өзгерістің оңды болуын тіледі.
"Әрқашан жанымда болды": Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқанын айтты (фото)
"Ішкі жан дүниеңнің қалауын жаса, біз сені қандай болсаң да жақсы көріп құрметтейміз. Өзгерісті жасау барлық жанның басында боп тұрады", "Қолдаймын. Өзгеріс керек, бірсарынды әнші ден қызық емес. Даму керек. Жас мамандар қазір: креативті ойлайды, трендті жақсы түсінеді. Өзімде өзгеріс керек деп, үйде отырып инстаграммен табыс тауып отырмын. Биылға тренд осы", "Жіберсеңізші аттың басын", "Біз сізбен біргеміз", – деп жазды олар.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты