Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылып, Сатқалиев төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік құру жөнінде жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды", – делінген Ақорда сайтында. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған энергетика министрі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Қазақстанда екінші және үшінші атом электр станцияларын салатын жерді таңдау жұмыстары басталды. Сонымен қатар энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын жеткізді. Айтуынша, АЭС салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды. Ведомство жеткізушілерге АЭС салу жобасын қаржыландырудың түрлі нұсқасын ұсынатынын айтты. Яғни экспорттық несие мен халықаралық қаржы институттарын қаржыландыруды тартатынын атап өтті. Сонымен қатар атом электр станцияларын салу жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары ұсынылмақ.



Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысында президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдағанын айтқан еді. Президент ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін айтты. 

Талқылау