Конор Макгрегордың UFC 303 турниріндегі жекпе-жегі өтпейтін болды
UFC тұжырымының екі салмақта чемпионы болған Конор Макгрегордың ресми түрде бекітілген жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
ММА спортының жарық жұлдызы, атышулы Конор Макгрегор үш жылдық үзілістен кейін UFC 303 турнирінде шаршы алаңға қайта оралуы керек еді. Бірақ ирландиялық спортшы 29 маусым күні өтетін UFC 303 турнирінде жұдырықтаспайтын болды. Конор Макгрегор атақты Майкл Чендлерге қарсы жекпе-жек өткізу тиіс еді. Бірақ ирландиялық спортшының жарақат алып қалуына байланысты бұл кездесу кейінге шегерілді. Қос спортшы арасындағы жекпе-жек 77 келіде Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile Arena” кешенінде өтуі тиіс еді.
Айта кетейік, Макгрегор соңғы жекпе-жегін UFC 264 турнирінде Дастин Порьеге қарсы өткізіп, жекпе-жекте аяғын сындырып алып, Дастинге екінші рет жеңілген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”