AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы "Келінжан" сериалы толық метрлі фильмге айналмақ

Көпшіліктің көңілінен шыққан "Келінжан" сериалы енді толық метрлі фильмге айналмақ. Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік ететін жоба түсірілімі басталып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы телехикаяда Балқияның рөлін сомдаған актриса Нұргүл Мыңғатова айтып берді. 

"Алла бұйыртып "Келінжанның" толық метр фильмін бастап кеттік. Алла қаласа, алдағы уақытта попкорн алып, кинотеатрға барып көруге болады. Бұйырса сериалы алдағы уақытта басталады!

Жақсы тілектерінізді аямаңыздар. Сіздерге ұнау үшін бар күшімізді саламыз. Бәрімізге Алла жар болсын", - деп бөлісті ол. 

Сондай-ақ, Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова түсірілім алаңынан фото жариялады. 



"Әр жоба сайын уайым басым болады. Көрермен, бұл сіздің "Келінжан", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, ауылдағы келіндердің өмірі жайлы сыр шертетін қазақстандық телехикая залық арасында кеңінен танылған еді. Сериалдың жарыққа шығып үлгерген үш маусымы YouTube желісінде миллиондаған қаралымдар жинап, қазақстандықтардың сүйікті фильміне айналды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр