Атышулы "Бірақ" ток-шоуының кейіпкеріне Астанадан үш бөлмелі пәтер берілді
Хабар арнасындағы дауға айналған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/oshakbayev
Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев мәлімдеді. Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтердің берілген сәтін, кейіпкердің көзіне жас алғанын көруге болады.
Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.
Еске салсақ, 2024 жылдың наурыз айында Гүлмира Смаилова "Хабар" телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бірақ" ток-шоуына қатысқан еді. Ток-шоу ұжымы Гүлмираның рұқсатынсыз тікелей эфирге кейіпкердің бұрынғы күйеуін алып келіп, татуласуға шақырған. Әйелді ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген бұрынғы күйеуімен татуластырмақ болған журналистердің әрекеті халықтың ашуын тудырды. Кейіннен мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам наразылығынан соң "Бірақ" ток-шоуының жабылатын мәлімдеді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
