Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңгетайлық үшін сотталған атышулы "Айка" апелляциялық шағым түсірді

Элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айка сотқа апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram

Іс жақын арада Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында қаралады. Процесс жабық түрде өтеді.



Айта кетейік, бұған дейін прокуратура келісімі бойынша блогер қызға қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабы “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі іс қозғалған.

Сот барысында секс-бизнесін ұйымдастырушыдан жылжымайтын мүлік құжаттары, ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтыну үшін оралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм мефедрон тәркіленді.

Еске салайық, "Айка" ісі бойынша сот отырысы жабық есік жағдайында өткен еді. Алматыда қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке” секс-кештер ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған 25 жастағы атышулы "Айка тізімін" жасаған блогер қыз 6,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік. 

Талқылау