AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық вахтер жұмыстан қуған басшысынан 1,3 млн теңге өндіріп алды

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел жұмыс берушіден сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды. Сонымен қатар ол қызметіне қайта оралатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Атыраулық Нұргүл Жанбөлсінованы жұмыстан өткен жылдың 18 маусымында шығарған. Ол "Атамекен басқарушы компаниясы" ЖШС-да вахтер болып жұмыс істеген еді. Басшылықпен келіспеген әйел шешімді жоққа шығарып, жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ, ол жұмыс берушіден мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық өтемақы төлеуді талап етті.  



Судья Жасур Момынжанов істі вахтердің пайдасына шешті. Вахтерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,3 миллион теңге және моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттелді. Арыз беруші өтемақы ретінде 450 мың теңге сұраған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр