Атыраулық шенеунік өзіне заңсыз 54 миллион теңге жалақы аударған
Атырауда білім беру басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Көлбаеваға қатысты №2 қалалық сотта үкім шығарылды. Экс-шенеунік сыбайласымен бірге бюджеттен 111 миллион теңге ұрлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, 2015-2020 жылдары аралығында шенеунік сыбайласымен бірге 111 миллион теңге жымқырған. Оның 54 миллион теңгесін Көлбаева өз қалтасына басса, қалғанын сыбайласы алған.
"Бұл істі өздеріне заңсыз жалақы аудару жолымен атқарған. Көлбаева өзінің және анасының банк картасына ақша аударып отырған", – делінген іс материалында.
Экс-шенеунік өзінің кінәсін толықтай мойындап, тергеу ісіне атсалысып, ұрлаған ақшасын қайтарды. Сот үкім шығарарда осы жайтты және сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екенін ескерді.
Әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды. Сотталушының кішкентай балалары болғандықтан, сот оның жазасын бес жылға қысқартты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн