Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық бүркітші Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Арман Кошкаров атыраулық бүркітші Азия чемпионатында жеңіске жетті

Фото: Абай облысының әкімдігінен

Атырау облысының бүркітшісі Арман Қошқаров Моңғолияда өткен құсбегіліктен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жарыс дәстүрлі "Бүркітшілер тойы" атты әлемдік фестиваль аясында ұйымдастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, чемпионат Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өтті. Оған Азия мен өзге де елдерден 60-тан астам бүркітші қатысқан. Қатысушылар екі негізгі бағыт бойынша “қолға шақыру" және "жемге түсу" бойынша сынға түсті.

Қазақстан құрамасы жарыста жоғары деңгей көрсетті. Бірнеше қатысушы жүлделі орындарды иеленді. Атырау облысының өкілі Арман Қошқаров өзінің "Аңырақай" есімді бүркітімен екінші орынды жеңіп алды.

Ал Абай облысынан барған бүркітші Тәттімбет Кәпұлы "Қарагер" атты күйкентайымен (кречет) үшінші орынды иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл чемпионат тек спорттық жарыс қана емес, сондай-ақ бүкіл түркі халықтарының аңшылық дәстүрі мен ұлттық мұрасын біріктіретін мәдени шара ретінде де маңызды орынға ие.

Қазақстан құрамасын ұлттық жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды. Олар қазақстандық бүркітшілердің жетістігі – құсбегілікті сақтап, жылдар бойы жүйелі дайындық жүргізудің нәтижесі екенін атап өтті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 15:16
Талқылау