Атыраулық азамат үш бас қой ұрлап 5 жылға сотталды
Жылыой ауданының тұрғыны көршісінің үш қойын ұрлап, түрмеге тоғытылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
“Сотталушы 2023 жылдың желтоқсанында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, қойларды арзан бағаға сатқан. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған