Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық жүргізуші әлемдік жұлдызға айналды: Оның көлікте аударылған видеосын 200 миллионнан астам адам көрген

Фото: Видеодан скрин

2024 жылы Атырауда болған жол апаты видеожазбасы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге тараған роликтердің бірі болды. Ең төменгі есеп бойынша аударылған автокөлік туралы видео 125 миллионнан астам қаралым жинады. Негізгі аудитория Еуропа мен АҚШ қолданушылары болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, көлікті 32 жастағы атыраулық таксист Рафаэль Жұмашбаев жүргізген. Өткен жылдың тамызында ол Исенов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында апатқа ұшыраған.

"Енді ғана жолаушыны түсіріп, қозғалдым. Қосымша жолдан сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан Jeep мені соқты", – деп еске алады Рафаэль. 

Заң бұзушы Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі "өткізіп жібер" белгісін елемеген. Соққы оң жақ қабырғаға тиген, сондықтан Рафаэльдің "Лада Гранта" көлігі аударылып қалған.

Рафаэль апат кезінде шок емес, сәл есеңгіреп қалғанын айтты. Ол алғашқы секундтарда құлағындағы шуға назар аударып, радионы өшірген. Бірақ шу тоқтамаған соң өз жағдайын түсінген. Көлікте аударылып қалған кезде, дене ауырлығынан аяғы руль мен алдыңғы орындықтың арасында қысылып қалған. Куәгерлер жүгіріп келіп, көмек берген. Көп адам артта жолаушы бар деп ойлаған, бірақ ол тек жүргінші болған.

Куәгерлер кейін iPhone-ның 112 қызметіне автоматты түрде қоңырау шалғанын, бірақ операторлар телефонды көтермегенін байқаған. Рафаэль бұлай болғанын тек пікірлерден оқып білген. Дәрігерлер Рафаэльге жеңіл ми соққысын қойып, қолындағы жараны тігіп берген. Көлігі қатты зақымданған, бірақ шығынды кінәлі жүргізушінің сақтандыруы есебінен өтеген. Сот пен жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып, ол екі айға өз есебінен демалыс алған.

Қазір Рафаэль қайтадан жұмысқа оралып, "Ладасымен" такси жүргізіп жүр. TikTok-тағы жазылушылары апатқа дейін 16 мың болса, бүгінде 35,6 мыңға жеткен. Instagram-да – 8,8 мың.

2024 жылдың 8 қыркүйегінде ол апаттың видеосын TikTok-қа екі бөліп жүктеп, сәйкесінше 3,5 және 4,4 миллион қаралым жинады. Екі күннен кейін Instagram-да жарияланған нұсқа 15 миллион қаралымға жетті. Алайда видеоны нағыз вирусқа айналдырған – француз қолданушысы @frenchfuse оны AC/DC-нің "Highway to Hell" әнімен өңдеп жүктеген нұсқа. Бұл ролик 86 миллионнан астам қаралым мен 15 миллионнан аса репост жинап, түрлі платформаларда кең таралды.

Соңғы күндері клип тағы да танымал болып, Threads-та таралып жатыр. Көптеген ремикстер пайда болды, мысалы, жапониялық аниме стиліндегі нұсқа 15,6 миллион қаралым жинады. Тек қарап шықсаң, видеоны кем дегенде 200 миллион адам көрген:

@frenchfuse (TikTok): 86 миллион

@zh.rafael (TikTok): 7,9 миллион

@zh.rafael (Instagram): 15 миллион

@GRIND.till.i.die (TikTok): 888 мың

@sokdoksannim (TikTok): 15,6 миллион.


Токиода күй шерткен жапон жігіті қазақстандықтарды тамсандырды (видео)


"Табиғатты көремін бе деп келіп едім, адам жанының сұлулығына куә болдым": Қытай қызы қазақстандық полицейлерге ризашылығын білдірді (видео)


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әйелдің өзгерісі желідегілерді таңғалдырғанын жаздық. Аталған сұлулық салоны өзінің “Трансформация.kz” жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі әйелдердің тегін күтім жасатуына мүмкіндік береді. Жоба кейіпкерлеріне косметологтар, шаштараздар мен дизайнерлер өз қызметтерін ұсынады. 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 16:44
Талқылау