Атыраудағы полипропилен зауыты жабылып қалмау үшін Ресейдің пропанын пайдаланған

Атыраудағы полипропилен зауыты жұмысын жалғастыру үшін газды Ресейден импорттауға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Нефть и газ Казахстана” телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылардың мәліметінше, Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.-ке тиесілі (ірі акционерлері – “ҚазМұнайГаз” және “СИБУР Холдинг”) кәсіпорын Ресейден келетін шикізат импортын арттыруға мәжбүр болған.
“26 қаңтардан бастап зауыт Теңіз пропанын жеткізу тоқтағандықтан өндірісті уақытша тоқтатты. Оның орнын ішінара Ресейден импорт есебінен толтыруға тура келді – “СИБУРға” тиесілі Тобольск мұнай-химия кешенінен және “Омский Каучук” зауытынан (иесі – “Титан” компаниялар тобы) 11 мың тонна пропан жеткізілді”, – делінген хабарламада.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Арна ақпараты бойынша, 3 ақпанда зауыт “Теңізшевройл” ЖШС-тен пропан қабылдауды қайта бастаған.
Бұған дейін Атыраудағы полипропилен зауыты 2025 жылы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін жобалық қуатқа шығуды жоспарлаған (2024 жылы 248 700 тонна өндірілген). Былтырғы соңғы деректерге сәйкес, 300 мың тонна, демек жылдық жоспар орындалмады. Қаңтардың соңы мен ақпанның басындағы кедергілерге байланысты 2026 жылға жоспар да қауіпке ұшырады.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев мұнай-газ химиясы саласында ірі жобаларды іске асыруды тапсырғаны хабарланған еді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты