Атыраудағы көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза тапты
Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға бүгін, 4 тамызда сағат 10:00 шамасында болған.
Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен. Оқиға орнында 40 жастағы адам мерт болған.
"Ал екінші адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ