Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда гараж жарылып, үш адам көз жұмды

25 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Оралда гараж жарылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Исатай-Махамбет көшесінде болды. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанында орналасқан гаражда жарылыс болып, үш адам қаза тапты.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер оқиға орнында. Өрттің салдарынан Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі Исатай-Махамбет көшесіндегі қозғалысты тоқтатуға тура келді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 шаршы метр аумақ өртенді, ішінде ВАЗ-2121 жанған. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылды. Гаражда өрт сөндірушілер үш мәйітті тауып, төрт оттегі цистернасын шығарды.

Өрт 21:31-де оқшауланды, 22:02-де толығымен жойылды. Өрттің себептері мен залалын мамандар анықтауда. Бұл жерде 23 ТЖД қызметкері мен жеті техника жұмыс істеді.

Талқылау