Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Атырау қаласында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары ақынның “Алыста мұнарланған тау шыңдары”, “Шіркін, сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!”, “Салқындап саясында самал көлдің” атты өлеңдерін оқып, ұлы жерлестеріне деген құрметтерін білдірді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті.
“Кейде Жұмекеннің шығармаларын жұмбақ дейді. Шын мәнінде, олар жұмбақ емес, терең мағыналы, философиялық, ой жүгіртуді қажет ететін дүниелер”, — деді ол.

Салтанатты шара соңында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова әкесінің рухына құрмет көрсетіп келген барша азаматтарға алғысын білдірді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген