Атырауда жолда жүздеген "Парацетамол” препараты шашылып қалған
Атырауда жолда жүздеген "Парацетамол” препарат шашылып жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Редакцияға Контейнерный шағын ауданының тұрғындары жүгінген. Белгісіз біреулер қоқыстың қасына "Парацетамол" дәрісін шашып кеткен.
Тұрғындар дәрілерді дәріхана тастаған болуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәрілердің жарамдылық мерзімі осы айдың соңында бітеді. "109" қызметіндегілер полицияға жүгінуді ұсынған.
Елде мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жоюдың нақты ережесі жоқ. Бірақ дәріханалар әдетте дәрі-дәрмектерді жабық пештерде жағады. Полигондарға лақтырылған дәрі-дәрмектер күн сәулесінің әсерінен қауіпті химиялық қосылыстар шығаруы мүмкін.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"