Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жоғалып кеткен екі бала өлі күйінде табылды

Атырауда күні кеше жоғалған 9 жасар екі баланың денесі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

полиция

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметінің хабарлауынша, екі баланың денесі Перетаска өзенінің маңынан табылған. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде Әлихан және Жанболат есімді екі баланың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Олар 11 қаңтар күні Құрсайдағы үйлерінен шығып, қайта оралмаған. 

STAN.KZ
Жексенбі, 12 Қаңтар, 2020 18:53
Талқылау