Атырауда жесір әйелді балтамен ұрған күдіктіге жақтасқан 7 полицей жұмыстан қуылды
Жеті атыраулық полиция қызметкері жұмыстан қуылды. Олар қала тұрғынымен болған сұмдық оқиғадан кейін жауапқа тартылды. Ер адам жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, кейін өзі асылып қалған. Жәбірленуші ауруханада алтыншы күні жатыр. Ал полиция қазір қылмыстық қудалауға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, яғни қызметінен босатылды. Сонымен қатар, ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлеріне қатысты 371 бабы "Салғырттық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - деді Атырау облысының ДП басшысы Болат Көшқалиев.
Істің жай-жапсарын бүгін жәбірленушінің әпкесі айтты. Оның айтуынша, 12 сәуірден бастап олар полицияға күн сайын хабарласқан. Өйткені қуғыншы есікті бұзуға тырысып, үйдің жанында үнемі күзетіп, содан кейін әйелді зорлаған.
Алайда полиция оны бір-ақ рет қамауға алыпты. Бұзақылық әрекеттері үшін екі күнге қамалған. Осыдан кейін, жігіт жәбірленушінің пәтеріне кіріп, болжам бойынша басына бірнеше соққы берген. Әйел ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды, ал азаптаушының өзі полиция келгенге дейін-ақ асылып қалды. Жәбірленушінің туыстары полицияның қылмыстың алдын алуы мүмкін екеніне сенімді.
"Жағдай орташа ауырлықта, баяу қалпына келеді. Бақытымызға орай, ол қазір бәрімізді естиді, көреді, түсінеді. Қолдары, аяқтары жұмыс істейді. Мен ішкі істер министрі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлына жүгінгім келеді. Ерлан Заманбекұлы! Мен Атырау қалалық полициясының бастығынан бастап учаскелік полиция қызметкерлері мен осы іске қатысқан тергеушіге дейін бәрін жауапкершілікке тарту үшін мұқият ішкі тергеуді талап етемін", - деді жәбірленушінің апасы Алиса Сатанова.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
