Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Жайық өзенінде мұз жарылып, 2 жасөспірім суға құлап кеткен

Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 7 наурыз күні сағат 18:30 шамасында болған. 

Жасөспірімдердің Жайық өзеніндегі мұз ойығына құлап кеткенін алдымен полиция батальонының қызметкерлері байқаған. 

“Құтқару қызметінің байланыс бекетіне мұз ойылып 2 бала түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 2007 жылы туған 2 жасөспірім мұз ойылып, мұзды ұстап тұрғаны анықталды”, – делінген хабарламада.  

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері келіп, жасөспірімдер жағаға шығарылған. Жасөспірімдерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында мұз бетіне шығуға тыйым салатын белгі орнатылған, алайда балалар белгіге қарамастан доп ойнап, мұз үстіне шыққаны анықталды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында полицейлердің суға құлап кеткен әйелді құтқарып қалғаны туралы жазған едік. 


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 07 Наурыз, 2024 21:06
Талқылау