Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ұлына қатігездік танытып, өз-өзін өлтіруге итермелеген ер адам сотталды

Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмағанды ​​өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

2023 жылдың қараша айында сотталушы кәмелетке толмаған ұлына қатыгездік көрсетіп, өзін-өзі өлтіруге итермелеген.

“Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің, кәмелетке толмаған куәгердің және іс бойынша куәгердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындылары, қосымша кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасы және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады”, – делінген хабарламада. 



Дегенмен сотталушының жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 58-бабы 6-бөлігі негізінде айыпты деп танылды. Осылайша оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жасөспірім жасанды интеллектпен сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік. 

Талқылау