Атырауда тойдағы төбелес кезінде 23 жастағы жігітті атып өлтірді

Фото: Ақорда
Атырауда 17 тамыз күні той кезінде төбелес болып, салдарынан 23 жастағы фельдшер жігіт мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Atyrau Online Telegram арнасының мәліметінше, той кезінде бірнеше адамның арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Қатысушылардың бірі жағдайды реттеуге көмектесу үшін фельдшер досын шақырған. Алайда ол келгенімен, жанжал басылмаған. Ерегіс кезінде оқ атылып, салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.
“Болған іске қатысы бар адамдардың бәрі ұсталып, қамауға алынды”, – деп мәлімдеді Атырау облысының департаменті.
Сондай-ақ “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген