Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда теріс ағымды ұстанушы қылмыстық топтың жолы кесілді

Атырау облысында теріс діни ағымын ұстанған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қылмыстық топ

Бұл туралы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

"2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар екні анықталыпты.

Топтың 5 белсенді мүшесі ұсталған: олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясына беріліп, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыста болған.

"Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды", - деп қосты комитет өкілдері.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

STAN.KZ
Жұма, 05 Маусым, 2020 09:41
Талқылау