Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда салық қызметкерлері 269 кәсіпкердің есепшотын заңсыз жауып тастаған

Атырау қаласында жыл басынан бері 365 кәсіпкердің құқығы бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

фото: ашық дереккөзден

 Мемлекеттік кіріс органдары 269 кәсіпкердің банктегі шотын жабу туралы заңсыз ұйғарым шығарыпты. Оған қоса салықшылар талап бойынша кем-кетікті жойған 4 кәсіпкердің есеп-шотын бірнеше күнге дейін ашпай, кәсіп иелерін әбігерге салған. 

Салық қызметкерлері мұнымен қоймай, Wipon қосымшасы арқылы кәсіпкерлердің үстінен өздері арыз жазып, кейін оны өздері тексерген. 

Бұл іске прокурорлар араласып, 36 кәсіпкерден заңсыз алынған 11 млн теңге иелеріне қайтарылды.

 Салық органының қызметкерлері өздерінің тарапынан кәсіпкерлерден анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлама жолдап, өздері тексеріс ашу фактілері орын алды. Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз 51 тексерістің күші жойылды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғалар қатаң жауаптылыққа тартылды”, – деп мәлімдеді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Алмат Сүйеуов.

Заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Заң бұзушылыққа жол берген кінәлі қызметкерлер қатаң жауапкершілікке тартылды.


 

Талқылау