Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Атырауда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін өлтіріп тастағанФото: pixabay.com

Атырауда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін пышақтап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде 2026 жылғы 16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

"62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.


Шымкентте тағы бір әйелді танысы пышақтап кетті: Күдіктіні ұстау үшін полиция қару қолданды


Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстау облысы Қызылсай ауылында ер адам өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 18:31