AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда оқушы полицияны төрт рет алдады: Оның ата-анасы жазаланды

Атырауда оқушы жалған қылмыстар жайлы хабар беріп, полицияны төрт рет алдаған. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасын жазалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 


Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жеткіншек 102 нөміріне алғаш наурыздың 28-і күні хабарласқан. Ол кезде жалған хабар берушіні тәртіп сақшылары анықтай алмапты. 

26 сәуір күні полицияға қайта хабарласқан жігіт мектеп ауласында төбелес шыққанын жеткізген. Тағы үш күннен кейін балалар алаңына жақын маңда әлдекімдердің автокөліктерге тас лақтырғанын, ал 30 сәуір күні оқушы қолдарына бөтелке мен электрошокер ұстап төбелескен балалар жайлы хабарлаған. Алайда оқиғалардың бірде бірі шындыққа жанаспайды.

"Тексеріс кезінде жалған шақыртулар болғанын және мұны 10-сынып оқушысы жасағанын анықтадық. Бала бұған дейін де үш рет хабарласқанын мойындады", - деп хабарланды полициядан.
Оқушының ата-анасына 30 АЕК - 91 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр