Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда оқу орталығына алданған ата-аналар ереуілге шықты

Атырауда "МегаМозг" оқу орталығына алданған ата-аналар бас көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-аналар орталық басшысы ғана емес, ақшаны қабылдаумен айналысқан қызметкерлер де жауапқа тартылуын сұрап, қалалық прокуратураға жиналды. Айтуларынша, былтырғы оқу жылында балаларын қосымша білім береміз деп сан соғып қалған. Әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, түрлі жеңілдіктерді ұсынғанымен, міндеттерін орындамай, жауып тастапты.

“Оплата жасадым желтоқсанның 8-інде, майдың 30-ына дейін 103 мың развозкасымен бірге. Чекті Мырзабекова Дильназға жібердім. Мысалы, менің балам тіпті барған жоқ. Ол баланы апарып көрсеткем жоқ. Қаңтардың 8-і маған жазып тұр. Мен Мақсотова Аида боламын, "Мегамозг" оқу орталығының директоры боламын. Сіздерден кешірім сұраймын, біздің оқу ортылығы жабылатындықтан біз әрі қарай жұмысымызды жалғастыра алмаймыз деп”, – дейді қала тұрғыны Райгүл Үргешова.

Қазір Райгүл секілді 156 адам ақшасын қайтара алмай жүр. Арасында 100 мың теңгеден бастап, 600 мың теңгеге дейін төлегендер бар. Құзырлы органдарды жағалап жүргісі келмегендер қол сілтеп кеткен. Ата-аналардың арызынан соң былтыр жыл соңында Қылмыстық Кодекстің "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған. Басты күдікті 29 жастағы Аида Мақсотова ақпан айынан бері тергеу абақтысында.

“Олар схемамен 2020 жылдан бері жұмыс жаап келе жатқан екен. Біз оның алдында ол "Индиго" да болған, ол "Қазақ ленд " та болған, ол "Бэбиленд" те болған, осындай ашады да жауып тастайды”, – деді қала тұрғыны Әсия Ізтілеуова.

Алайда құзырлы орган өкілдері қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдаған.

“Қылмыстық іске қатысы бар деп күдіктелген 5 тұлғаға қатысты терегушімен тоқтату туралы шешім қабылданған. Яғни қала прокуратурасымен бізге жолданғаннан кейін толықтай қосымша зерделенетін болады” – деді қала прокурорының орынбасары Серік Ищанов. 

Талқылау