Атырау облысында 2 гектарға жуық аумақта қамыс өртеніп жатыр
Атырау облысында 2 гектарға жуық аумақта қамыс өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жалпы өрттің аумағы 830 гектарды құрады, оның ішінде 2 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр. ТЖМ авиациясы қамыс өртенген аумақтарды сөндіру үшін белсенді жұмыс істеуде", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында
Өрт басталғалы бері барлығы 167 рет шамамен 501 тонна су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіру жалғасуда.
Өртті сөндіруге 85 адам мен 14 техника жұмылдырылған. "Қазгидромет" синоптиктері 12 шілдеде Қазақстанда қатты аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі бар екенін ескертті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”