Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда клиенттер ломбард директорын кепілдікке алды: Бұл туралы тағы қандай мәлімет белгілі?

21 ақпан күні атыраулық тұрғындар - "HOME AVTO INVEST" ломбардының жанында жиналып салынған ақшаны, машиналарды және жылжымайтын мүлікті қайтаруын талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі өңірлік "Ақ Жайық" басылымына сілтеп. 

Атырау

Мұнда "домино принципімен" жұмыс істеген сияқты: тұрғындар қаламыздағы "Нұр-Али Капитал"  және "Гарант 24 Ломбард" орындарындағы ауыр жағдайдан хабардар болған соң, өре түргелді. Олар проблемалардың жоқ екеніне сендіріп, салымдарды кез келген уақытта алуға болады деген әлеуметтік желілерде жедел жарияланған видеоүндеулерге сенбеді. Ең сорақысы ашуға қатты булыққандар ломбард директорын  кепілдікке алған. Ал бұл қылмыстық іс (бас бостандығынан заңсыз айыру). 

Қазіргі таңда, ломбард директорын 5 этажды пәтерлердің бірінде драма театрының жанында ұстап отыр. Ақшамызды қайтармайынша босатпаймыз деген талабы бар.

"21 ақпаннан бастап полиция басқармасына Атырау қаласының тұрғындарынан шағымдар келіп түсе бастады. Қазіргі уақытта "Гарант24 Ломбард" ЖШС және "Нұраликапитал" ЖШС-не қатысты  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және "Гарант24Ломбард" ЖШС-нің өңірлік директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ломбард директорын кепілге алу туралы ақпаратқа келер болсақ: 22 ақпан күні полиция басқармасына әйел шағымданып, Атырау қаласындағы үйлердің бірінде ер адамды заңсыз ұстап тұратынын мәлімдеген. Көрсетілген мекен-жайға тез арада ЖОГ жіберілді, ол ер адамды УП-ға жеткізді.

Қазіргі таңда 1995 жылы туылған азамат "ХоумАвтоИнвест" ЖШС-нің атқарушы директоры болып табылады. Оның айтуынша, ол ЖШС салымшыларымен келіссөздер жүргізу мақсатында пәтерге барды. Оған қатысты зорлық-зомбылық шаралары тіркелмеген. Қазіргі уақытта ол полиция басқармасында. Жоғарыда көрсетілген деректер бойынша түсіндірме береді. 

Полиция жалған ақпаратты таратудан бас тарту туралы ескертеді. Тұрғындардың өтініштерінің барлық фактілері бойынша заңды шешім қабылданады", - деленген Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметінде .

 

 

Талқылау