Басты жаңалықтар
Атырауда Қызыл кітапқа енген 28 құсты шетел асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды
Атырау қаласының әуежайында Қызыл кітапқа енген 28 ителгіні шетелге асырмақ болған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет сюжет кадрларынан алынған
Деректерге сай, олар сирек құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция кезінде қылмыстық топтың қатарында шетелдіктер мен Қазақстан азаматтары бар екені анықталды. Ұсталғандардың бірінің үйін тінту кезінде ителгіні ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме және ителгілерді ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылған.
Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-шы, яғни "Құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарларды заңсыз тасымалдаумен айналысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал келтірілген залалдың сомасы 200 миллион теңгеден асқан.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған