Соңғы жаңалықтар

Атырауда қазақстандықтардың төлқұжаттары мен анықтамалары қоқыстан табылды

Атырауда құрылыс қалдықтары үйінділері арасынан төлқұжат, жеке куәлік, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табыс туралы анықтамалар және басқа да құжаттар табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме беріп.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барып тексеру жүргізді.

"Жөнелтілген құрылыс қалдықтары орнын тексеру барысында аталған факті расталды және барлық анықталған құжаттар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) Атырау филиалына тиесілі мұрағаттық құжаттар болып табылатыны анықталды. Олардың ішінде қызметтік және азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар бар, олар қызмет алу кезінде талап етіледі, - деп хабарлады полицияда.

Қазіргі уақытта әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аталған құрылыс қоқысын белгіленбеген жерге тиеген автокөлік жүргізушісінің жеке басы анықталуда.

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Мұса Хайруллиев бұл құжаттар 14 жыл бұрынғы ескі қағаздар екенін атап өтті.

"Ол уақытта азаматтарға арналған үкімет болған жоқ. Бұл ұйым 2018 жылдың мамыр айында құрылған. Олардың қайдан шыққанын анықтау керек, қоқыстарды КамАЗ-дармен алып шыққан, олар қоқыс тастайтын жерге жетпей төгілген. Полиция көмегімен көлік жүргізушілері іздестіріледі. Бұл құжаттардың ешқандай маңызы жоқ. Ұйымның мөрлері де ескі, себебі мұндай ұйым 2018 жылдан бері жұмыс істеп жатқан жоқ", - деді маман.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр