Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс істеп келеді

Атырауда «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық дүкенін ашып, осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс істеп келеді

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Қайырымдылық дүкені ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Мақсаты – көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дүкендегі тауарлар жомарт жандар әкелген сырт киімдер мен аяқ киімдерден тұрады.

«Игі ске бастама» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ақылбек Мұхановтың айтуынша, дүкендегі барлық дүние мұқтаж жандар үшін ақысыз беріледі.
"Дүкеннен ақысыз түрде тамақ алу үшін көп балалы, жалғызбасты аналардың құжаттары сұралады. Ал, киім алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы – мұқтаж жандардың жеке куәлігі қажет", - дейді Ақылбек Мұханов.

«Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі де қатарына ерікті жандарды жинауда. Басты талап – мұқтаж жандарға көмектесуге ынталы болуы. Бірлестік мүшесі болу үшін www.iib.kz сайтындағы «еріктілер қатарына қосылу» айдарына кіріп, жеке мәліметтеріңізді енгізе аласыз.

Талқылау