Атырауда қатып тұрған өзенге түсіп кеткен балалардың жағдайы белгілі болды
Атырау обылысының денсаулық сақтау басқармасы мұз сынып кетіп, суға түсіп кеткен үш оқушының жағдайы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
4 қаңтар күні төрт бала ойнап жүріп қатып тұрған Жайық өзеніне түсіп кеткендігі жайлы айтылған еді. Полицейлер олардың үшеуін ғана құтқара алыпты, 2005 жылғы төртінші бала суға батып кетіпті.Оның денесі өзеннің маңынан табылған. Балаларды полицейлердің құтқарып жатқандығы видеоға түсіп қалған еді.
Мектеп жаттықтырушысының сөзінше, опат болған 9 сыныпта оқыған Жалғас Бозжанов белсенді, көпшіл оқушалардың бірі болыпты. Бірнеше рет мектептің абыройын қорғап, спорттық жарыстарда сынға түскен.
"Спортқа әуестігі жоғары болды. Еңбекшіл әрі төзімділігінің арқасында сайыстарда бірнеше рет алғашқы орындарды иеленіп жүрді. Достары көп, олардың барлығы жалғасты сыйлайтын. Бұл жағдай бізді дүр сілкіндірді", - дейді жаттықтырушы Нұрсұлтан Құпашев.
Екі бала қатты мұздап қалғандықтан, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Үшінші бала үйіне кетіп қалыпты.
"Балалардың денсаулығы тұрақты, оған төнетін еш қауіп жоқ. Екі-үш күнде үйлеріне қайтарылатын болады", - деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Мүбәрәк Сәрсенов.
Кейіннен балалардың ата-аналарына ескертпей өзенге кетіп қалғаны анықталған. Қайғылы жағдай орын алады деп ешкім де ойламапты. Апаттан кейін ТД қызметкерлері су қоймаларының маңында қарауыл ұйымдастырып, жергілікті өзен-көлдерді арнайы жолақпен қоршап қойыпты. Дегенмен соның өзінде өзеннің барлығын аумағын бақылауға алу мүмкін емес көрінеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
