Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған жүргізуші айыппұл арқалады

Атырауда көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

ту

“2021 жылдың 16 тамыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Еркінов-Амандосов көше қиылысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жайып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады. Хабарлама бойынша Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді”, – делінген ПД хабарламасында.



Аталған автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Дидар Халық
Сәрсенбі, 18 Тамыз, 2021 19:55
Талқылау