Атырауда қалалық әкімдіктің бұрынғы шенеуніктері қамауға алынды
Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппаратының бұрынғы басшылары қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық әрекеттер жасаған деп айыпталды.
"Прокуратура бұл фактіні ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы “Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық” және ҚК-нің 361-бабы “Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану” бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Талқылау