Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда іздеуде жүрген ер адамның өлі денесі табылды

Атырауда іздеуде жүрген ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы ер адам туыстарының өтініші бойынша іздеуде болған. Ол үйден көлікпен кетіп, қайта оралмады.

Із-түзсіз жоғалған адамның мәйіті қала маңындағы 16-шы ауыл Талғаран-2 аймағынан табылды. Марқұмның көлігі қаладан табылды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 19 Қазан, 2021 19:01
Талқылау