Көлігін эвакуатормен тасымалдаған қазақстандық жылдамдық үшін айыппұл алған

Фото: Istock.com
Атырау тұрғыны эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көлігіне жол ережесін бұзды деп айыппүл салынғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлікке рұқсат етілген жылдамдықты (70 км/сағ) асырғаны үшін айыппұл салынған.
“Олар эвакуаторға қойылған көліктерге қашаннан бастап айыппұл сала бастаған? Неліктен айыппұлды жібермес бұрын көліктің нақты орнын камералардан тексермейді?”, – деді тұрғын.
Айтуынша, ол көлікті басқармаған, эвакуатормен тасымалдау кезінде жол ережесін бұзу мүмкін емес.
Полиция департаменті бұл фактіге қатысты түсініктеме беріп, айыппұлдар автоматты түрде жазылатынын айтты.
“Түсінбеушілік туындаған жағдайда тұрғындар Әбілқайыр хан даңғылы, 55А, 2-қабат, 210-кабинет мекенжайы бойынша әкімшілік полиция бөліміне хабарласып, мән-жайды анықтауға болады”, – делінген ресми жауапта.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"