Атырауда ер адам ескерткіш үстіне шығып кетіп, оны құлатты (видео)
Ішімдікке тойып алған ер адам Атырау қаласының орталығындағы арт-нысанға шығып алып, ескерткішті құлатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сатпаев көшесіндегі мүсінге ер адамның шығып алғаны жайлы полицияға өтіп бара жатқан адам мәлімдеген.
Полиция тәртіп бұзушының кім екенін анықтады. Ол Орал қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша оның орташа мас күйде болғаны анықталды.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, арт-нысан бүлінген.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке ұсталды", – деді Атырау облыстық полициясы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”