Атырауда ер адам бойжеткенді еш себепсіз ұрып кетті: Оқиғаға облыстық прокуратура түсінік берді
Атырау облысының прокуратурасы қалалық базарлардың бірінде қызды ұрып кеткен ер адамның әрекеті туралы түсінік берді.
Видеодан скриншот
Белгілі болғандай, ер адам психикалық аурудан зардап шегеді. Облыстық прокуратураның ақпараты бойынша, 2010 жылдан бері ол психоневрологиялық диспансерде тіркелген.
Оқиғадан кейін бірден ер адам ұсталды. Оның үстінен «бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеуді облыстық прокуратура өз мойнына алды.
Қазіргі уақытта қатал психикалық ауруханаға «эмоционалды тұрақсыз жеке басының бұзылуы» диагнозымен орналастырылған.
Еске салсақ, қалалық базарлардың бірінде Атырау қаласының тұрғыны қызды бетіне жұдырықпен ұрып, содан кейін жайбарақат кете барды. Оқиға қауіпсіздік камерасына түсіп қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”