Атырауда екі ай бұрын із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды
Ақпан айында із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық жігіттің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Атырау қаласына орналасқан Қайыршақты ауылының тұрғыны Наурыз Әйтекешев 5 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал, 6 ақпанда кештен бастап полиция мен құтқарушылар 30 жастағы жігітті іздеуге кірісті. Алайда осы кезге дейін ол туралы ешқандай хабар болмаған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі айдан астам іздеуде болған жігіттің денесі өткен сенбіде, 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында табылған. Сараптама кезіндедене жарақаттары анықталмады.
"Жоғалған жігіттің денесі "Атырау-Индер" бағытындағы жол бойында, Талқайраң елді мекені аумағында орналасқан шаруа қожалығының контейнерінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты байқалмады. Мүрде сараптамаға тапсырылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
