Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда дала өртке оранды: Адамдар улы түтінге тұншығып отыр

9 қазан күні Атыраудағы Каспий теңізінің жағалауында “Ақ Жайық” Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. Жергілікті тұрғындар улы түтіннен қатты жөтел пайда болғанын айтып, тамақ ауыратынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Атырау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында “Ақ Жайық” Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД және “Ақ Жайық” МТР жалпы саны 46 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. 

Жергілікті халық өрт салдарынан болған улы түтінге шағымданды.

“Қараңғы түсуіне байланысты өртті сөндіру уақытша тоқтатылды.10 қазан күні өрт сөндіру жұмыстары қайта жалғасады. Қызыл жалынның қанша жерді шарпығанын өрт толық сөнген соң комиссия мүшелері анықтайды. Елді мекендерге қауіп жоқ”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ 7 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауылынан 43 шақырым және Зинеден ауылынан 56 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында 5 гектар аумақта тағы да қамыс өртенді. Батпақты жерлер мен жолдың жоқтығы өртті сөндіруге кедергі келтірді. Сондықтан өртті сөндіру жұмыстарына "Қазавиапас" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Талқылау