Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Атырау полиция департаменті

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, барлық медициналық мекеме, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр. 

"Із-түссіз жоғалған азаматтардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Оларды іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылған", – деді Құттыбай Садықов.

Садықовтың сөзінше, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қаралады.

Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, өйткені жалған мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.



Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төрт ересек адам 2025 жылдың күзінде жоғалған. Алайда осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Олар бір үйде тұрған. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 05 Қаңтар, 2026 16:27