Атырауда бір топ жігіт полиция қызметкерлерін соққыға жықты (видео)

Мақат ауданында бір топ жігіт полиция қзыметкерлеріне шабуыл жасап, салдарынан тәртіп сақшылары зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған.
Облыстық полиция департаменті 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлады.
“Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті”, – деп мәлімдеді ведомство.
Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.